Қытайдан әкелінетін жеміс-жидек, көкөніс өнімдері кедендік бақылаудан жылдам тәртіпте өткізіледі

Фотография - Қытайдан әкелінетін жеміс-жидек, көкөніс өнімдері кедендік бақылаудан жылдам тәртіпте өткізіледі

Қытайдан Қазақстанға Шығыс Қазақстан облысындағы «Бақты» өткізу бекеті арқылы әкелінетін жеміс-жидек, көкөніс өнімдері кедендік бақылаудан жылдам тәртіпте өткізіледі

442 0

Қытайдан Қазақстанға Шығыс Қазақстан облысындағы «Бақты» өткізу бекеті арқылы әкелінетін жеміс-жидек, көкөніс өнімдері кедендік бақылаудан жылдам тәртіпте өткізіледі.

Қазақстан-қытай шекарасындағы «Бақты» (Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы) және «Покиту» (Қытай Халық Республикасы)  өткізу пункттерінде «жасыл дәліз» жобасының ресми іске қосылуы 2013 жылғы желтоқсан айының басындағы қазақстандық делегацияның Бейжің қаласына ресми сапары аясында Қазақстан және ҚХР кеден қызметтері басшыларымен қарастырылып келісілген болатын - деп хабарлады  newskaz.kz

  

« «Бақты»-«Покиту» өткізу пункттерінде жеміс-жидек, көкөніс өнімдерінің жылдам өтуі мен кедендік ресімделуін енгізу бұл өнімдер ірі көлемде тасымалдануына байланысты бұрыннан бері жоспарланған»,-делінген хабарламада.


2012 жылы «Бақты» кеден бекеті арқылы ҚХР-дан 3740 автокөлік құралдары тасымалданып, оның 1482-cі (40%) – жеміс-жидек, көкөніс өнімдерімен болған.


Қазақстан Республикасы кеден заңнамасында жылдам бұзылатын тауарларды енгізу және шығаруда кедендік операцияларды бірінші кезекте жүзеге асыруды көздейтін нормалар бар. Жүк ағымын бөлек жолақпен өткізу арқылы кедендік ресімдеу мен бақылауды жылдамдату тез бұзылатын өнімдер  тасымалы көлемін екі есеге дейін арттырады деп күтілуде.


«Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы кеден қызметінің сарапшылары «Бақты» кеден бекетіндегі жылдам өткізу тәртібінде жеміс-жидек, көкөніс өнімдерінің бақылаусыз өткізілуі қарастырылмағанын, яғни, оған екі елдің заңнамасында көзделген кедендік ресімдеу мен бақылаудың рәсімдері қолданылатынын атап көрсетті»,-деп хабарлайды ведомстводан.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!