Батыс Қазақстанда 521,1 млн. теңгеге алты жаңа жоба мақұлданды

Фотография - Батыс Қазақстанда 521,1 млн. теңгеге алты жаңа жоба мақұлданды

Облыс әкімінің орынбасары Марат Кәрімовтің төрағалық етуімен өткен аймақтық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында «Бизнестің жол картасы - 2020», 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламаларына сәйкес 521,1 млн. теңгені құрайтын алты жаңа жоба қаралып, мақұлданды

243 0

Облыс әкімінің орынбасары Марат Кәрімовтің төрағалық етуімен өткен аймақтық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында «Бизнестің жол картасы - 2020», 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламаларына сәйкес 521,1 млн. теңгені құрайтын алты жаңа жоба қаралып, мақұлданды.

БҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Аслан Жақыповтың мәлім еткеніндей, алты жобаның екеуі (37,3 млн. теңге) инфрақұрылым желілерін тартуға (электрмен қамту) бағытталса, қалғаны несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеменің жүгін жеңілдетуге арналды. Төрт жоба «Бизнестің жол картасы - 2020», екеуі моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында қолдау тапты. Мәселен, шағын қала Ақсайда дәмхана, көтерме-бөлшек сауда павильонын ашу және Қарашығанақ кенішіндегі құрылыс-монтаж жұмыстары үшін техника алу көзделуде.

Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округінде мемлекеттік бағдарламаның көмегімен «Үшкемпір» мал қыстағы мен «Атамұра» шаруа қожалығының өндірістік базасына және «Бастау» шаруа қожалығына электр желісі тартылмақ. Қалған аудандар бойынша да осындай жұмыстар жүргізілуде - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Облыс әкімінің орынбасары Марат Кәрімовтің айтуынша, өңірде жыл басынан бері 40 млрд. теңгеге 100 жоба мақұлданды.

Отырыс соңында «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарына ие болғандар мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына белсене қатысқандарға грамоталар табыс етілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!