Республикалық бюджет кірісі 5 трлн 117 млрд теңгені құрады

Фотография - Республикалық бюджет кірісі 5 трлн 117 млрд теңгені құрады

Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов мәлім етті.

194 0

26 желтоқсандаға ақпарат бойынша республикалық бюджетке 5 трлн 117 млрд теңге кіріс түскен. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов мәлім етті.

«Бүгінде республикалық бюджетке 5 трлн 117 млрд теңге кіріс түсті. 36 млрд теңге жинасақ, республикалық бюджет кірісі бойынша жоспарды жүз пайыз орындаймыз. 26 желтоқсандағы мәлімет бойынша бюджет шығысы 6 трлн 208 млрд теңгені құрады. Жыл соңына дейін 151,4 млрд теңгені игеру қажет. Жыл аяқталғанша бес қазыналық күн бар. Тиісінше бюджетке қосымша кіріс түсіп, шығыс игеріледі», - деді Р.Дәленов.

Қаржы министрлігінің болжамы бойынша, биыл бюджет тапшылығы 770 млрд теңгеден аспайды. ЖІӨ-ге қатысты бұл көрсеткіш 2,2 пайызды құрамақ.

«Жыл басынан 26 желтоқсанға дейін Ұлттық қорға 3 трлн 343 млрд теңге салық түсті. Қордан бөлінген трансферттер 1 трлн 401 млрд теңгені құрады. Ұлттық қордың өсімі шамамен 2 трлн теңгеге жетті», - деп толықтырды ол.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!