11 айда негізгі капиталға салынған инвестиция 8,7 %-ға өсті

Фотография - 11 айда негізгі капиталға салынған инвестиция 8,7 %-ға өсті

11 айда негізгі капиталға салынған инвестиция өсімі 8,7 %-ды құрады

174 0

11 айда негізгі капиталға салынған инвестиция өсімі 8,7 %-ды құрады. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«2013 жылы ЖІӨ өсімінің негізгі факторлары негізгі капиталға салынатын инвестициялардың өсуі, қызмет көрсетудегі серпінді өсу, сондай-ақ машина жасау және ауыл шаруашылығы көрсеткіштерінің айтарлықтай ұлғаюы есебінен орын алды. 11 айдың ішінде негізгі капиталға салынған инвестициялар өсімі 8,7 пайызды құрады. Инвестициялық белсенділік біршама ірі кәсіпорындардың негізгі қорларына қаражат құюды ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді», - деді министр.

Оның айтуынша, шетелдік инвестиция мөлшері 12,3 пайызды құрады - деп хабарлады bnews.kz

«2012 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қызмет өндірісінің өсімі 7,5 пайызды құрады», - деді Досаев.

 


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!