Биыл Елорда қазынасына 600 млрд теңге салық түскен.

Фотография - Биыл Елорда қазынасына 600 млрд теңге салық түскен.

Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында Астана қаласының әкiмi Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді.

130 0

2013 жылы Астана қаласының қазынасына түскен салық төлемдерінің көлемi 600 млрд теңгенi құрады. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында Астана қаласының әкiмi Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді.

«2013 жыл бойынша қаламыздың ЖIӨ-i 7%-ға өсiп, 2 трлн 700 млрд теңгеден асады деп күтудемiз. Өнеркәсiп өнiмi 230 млрд теңгенi құрамақ, орташа жалақы мөлшерi 165 мың теңге болады. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға артық», - дедi И.Тасмағамбетов.

Елорда әкiмi 2013 жылы шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдаудың арқасында олардың өндiретiн өнiмi алғаш рет 1 трлн 100 млрд теңгеге жеткенiн атап өттi.

«Елордамызда индустриялдық-инновациялық даму бойынша жалпы құны 87 млрд теңгеден астам19 инвестициялық жобаның жұмысы жолға қойылды. Осының арқасында қаламызда 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Ал жалпы қала көлемінде 2013 жылы 18 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылса, оның 12 мыңы шағын және орта бизнес саласына тиесілі. Нәтижесiнде осы жылы қала қазынасына түскен салық көлемi 600 млрд теңгенi құрады», - деп толықтырды әкім.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!