Мұнайдың құны 5 есе арзандауы ықтимал

Фотография - Мұнайдың құны 5 есе арзандауы ықтимал

Әлемнің мұнай нарығында қара алтынның құны 5 есе арзандауы ықтимал.

243 0

Әлемнің мұнай нарығында қара алтынның құны 5 есе арзандауы ықтимал.

Мамандардың айтуынша, бұған Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы жанжал түрткі болуы бек мүмкін. Ал, отандық сарапшылар әлден, егер Тегеран баррель үшін мұнайдың бағасын 20 долларға дейін түсірсе, онда Қазақстан рецессияға ұшырап, елде қиыншылық басталатыны анық деп дабыл қағып жатыр.

Әлемдік сарапшыларға сенетін болсақ, баррель үшін мұнайдың бағасы 20 долларға дейін түсуі мүмкін. Өйткені, ОПЕК мұнайды ең көп өндіретін елдер қатарындағы Иран мен Сауд Арабияға 2014 жылдан бастап, күніне 30 млн. баррель мұнай өндіруге рұқсат беріпті.

Ал, тәуелсіз саясаткер Әміржан Қосановтың айтуынша, мұнайдың бағасы бес есеге дейін арзандай қоймайды. Бірақ, 50-60 долларға түскен күннің өзінде, Қазақстан экономикасы рецессияға ұшырауы мүмкін. Өйткені бюджет жетпіс пайызға мұнайға тәуелді дейді.

ӘМІРЖАН ҚОСАНОВ, саясаткер:

- 22 жыл тәуелсіздіктің ішінде экономика диверсикация жасалған жоқ. Яғни мұнайға тәуелді болмай, басқа да экономика салаларын дамыту ол жоқ.

РАСУЛ ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы:

- Алғашқы он жылдың шамасында Қазақстанға қашағаннан келетін пайда жоқ. Себебі, осы жобаға енген шетелдік инвесторлар жіберген шығындарын өтеп алу керек. Жылына біз өндіріп отырған мұнайдың сол сексен миллионға жуығы оның болғаны сол отыз пайызы тек Қазақстанның үлесінде. Олар Қазақстанға кішігірім тиын тебен төлейді де, ал негізгі пайдасын көріп отырған қазақтың мұнайының сол шетелдіктер.

Әміржан Қосанов болса, қазіргі ахуалымыз ушығып тұрғанда, Сауд Арабиясы мен Тегеран мұнай өндірісін ұлғайтамыз деп одан әрі отқа май құя түсті. Соңғы екі жылда үкімет бюджет тапшылығының орнын онсызда толтыра алмай келеді дейді.

ӘМІРЖАН ҚОСАНОВ, саясаткер:

- Қазіргі таңда, бюджетте тапшылық бары сезіліп тұр. Оны президент те айтып жатыр. Бюджеттік ақша жетінкіремейтінін. Естеріңізде болса, осыдан бірнеше жыл бұрын мұғалімдердің дәрігерлердің жалақысын пенсияны отыз пайдан көтеріп отыратын еді. Қазір тек қана пенсия. Оның өзі 9 пайызға көтеріліп отыр.

Сарапшылар, ерте ме, кеш пе, бұл проблеманы шешу керек дегенмен, күбір-сыбырға елеңдеп отырған халық, бұған билік не дейді деп құлағын тосқанмен, жоғары жақ әзірге үнсіз.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!