Қуаныш Жылқышиев «ҚазТрансОйл» Директорлар кеңесінен кетті

Фотография - Қуаныш Жылқышиев «ҚазТрансОйл» Директорлар кеңесінен кетті

«ҚазТрансОйл» Директорлар кеңесінен Қуаныш Жылқышиев кетті

199 0

«ҚазТрансОйл» Директорлар кеңесінен Қуаныш Жылқышиев кетті.

«ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) баспасөз қызметінің мәліметінше, Қ. Жылқышиев ағымдағы жылдың 24 желтоқсанынан бастап Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өз өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берген, шешім соған байланысты қабылданған - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Қазір ҚТО Директорлар кеңесінің құрамында бес адам бар: Директорлар кеңесінің төрағасы, «ҚазМұнайГаз» АҚ (ҚМГ) өкілі Нұртас Шманов, Директорлар кеңесінің мүшесі, ҚМГ өкілі Ардақ Қасымбек; Директорлар кеңесінің мүшесі, ҚТО Бас директоры Қайыргелді Қабылдин; Тәуелсіз директорлар Дэниел Михалик пен Мұстафа Хабиб.

Сондай-ақ компания дерегінше, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (ТМРА) 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап төмендегі мұнай құбырлары бойынша мұнай айдауға арналған тарифтерді бекіткен:

«Атасу-Алашаңқай» құбыры бойынша 1000 шақырымға тоннасы үшін 1 097,42 теңге (қосымша құн салығынсыз) алынады.

«Прииртышск-Атасу» құбыры бойынша 1000 шақырымға тоннасы үшін 117,31 теңге (қосымша құн салығынсыз) алынады.

Сонымен қатар, ТМРА бұйрығымен 2014 жылдың 1 ақпанынан бастап «Түймазы-Омбы-Новосібір-2» магистральді мұнай құбырының қазақстандық учаскесі бойынша тасымалданатын мұнайдан алынатын тариф бекітілді, енді көретілген аумақтан 1000 шақырымға тоннасы үшін 1727,1 теңге (қосымша құн салығынсыз) алынады.

«ҚазТрансОйл» АҚ «Халықтық IPO» бағдарламасының дебютанты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!