«Рахат» фабрикасының акциялары 234%-ға қымбаттады

Фотография - «Рахат» фабрикасының акциялары 234%-ға қымбаттады

«Рахат» фабрикасының акциялары 234%-ға қымбаттады, деп хабарлайды «Халықтық IPO» бағдарламасының ресми сайты.

162 0

«Рахат» фабрикасының акциялары 234%-ға қымбаттады, деп хабарлайды «Халықтық IPO» бағдарламасының ресми сайты.

Жыл басынан бері компанияның бағалы қағаздары 234%-ға (!) немесе бір данасының құны қазіргі деңгейге дейін - 6 600 теңгеден астамға қымбаттады. 2013 жылдың қаңтарында кондитерлік фабриканың акциялары шамамен 2 000 теңге тұрды. Алайда наурызда «Рахатты» шетелдік инвестор сатып алады деген қауесет тарап, котировкалар бірден 5 000 теңгеден асып түсті. Жалпы жиынтығында акциялардың 76%-на иелік ететін «Рахаттың» ірі акционерлері, қарашаның соңында акциялар пакетін оңтүстіккореялық LOTTE Confectioner компаниясына сату туралы мәміленің аяқталанын жариялады.

«Рахат» сайтында, 11 желтоқсанда, миноритарлы акционерлерден қалған акциялардың (24%) әрбір данасын, кем дегенде, 6 690 теңгеден сатып алу жайлы хабарландыру жарияланды. Сол сәтте оның бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасында (KASE) 6 000 теңге шегінде сатылып жатты. Қысқа мерзімде әрбір акциядан, жоқ дегенде, 690 теңге табыс табу мүмкіншілігін бірқатар жеке инвесторлар, соның ішінде «Фридом Финанс» инвестициялық компаниясының клиенттері де пайдаланып қалды.

halyk-ipo.kz порталына Freedom Finance-тің Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы Сәкен Өсердің айтқанындай, бағасы шамамен 6 000 теңге тұратын акциялардың белгілі бір көлемін компания клиенттері ашық нарықта сатып алған, енді олар жарияланған оферта аясында 11,5% мөлшерінде табыс табуға дайын.

«Рахат» фабрикасының акцияларын мәміле жарияланған сәтте сатып алу қызықты болушы еді, ол кезде миноритарийлерден құнын төлеп алу жөніндегі ұсыныс жарияланғанға дейін акцияларды сатып алуға дайын инвесторлардың саны азырақ болды», - дейді С.Өсер.

Сарапшы пайымынша, қазір бағалы қағаздар төңірегінде спекуляция туғызатын уақыт өтіп кетті.

«Біздің басқарма кесімді бағасы 6 690 теңгеге тең екенін ескере отырып, акцияларды құнын төлеп алу туралы хабардан кейін активтерді сатып алу қисынсыз тәуекел деп есептейді. Ағымдағы сәтте бұл - мәміле бойынша ең жоғарғы баға болып саналады. Біздің бірқатар клиенттерімізде мәмілеге дейін көп бұрын-ақ «Рахаттың» акциялары болды, олар табыс табу үшін бағалы қағаздарды қазір сатуға дайын» -, деп атап өтті С.Өсер.

23 желтоқсаннан бастап «Рахаттың» акциялары бір деңгейде – 6 690 теңге мөлшеріне тұр. Офертеге сәйкес, осы бағадан төмен емес деңгейде бағалы қағаздарды сатып алу 2014 жылдың 13 қаңтарына дейін жүргізілетін болады.

«Рахат» АҚ акциялары осыған дейін KASE листингінің ең төменгі, үшінші санатында болды. Бағалы қағаздардың ликвидттілігі, компанияны оңтүстіккореялық компания сатып алатыны белгілі болғанға дейін, төмен болды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!