СҚО-да ҮИИД бағдарламасы аясында машина жасау саласында 3 жоба іске асты

Фотография - СҚО-да ҮИИД бағдарламасы аясында машина жасау саласында 3 жоба іске асты

Солтүстік Қазақстан облысында Үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында машина жасау саласында 3 жоба жүзеге асты.

538 0

Солтүстік Қазақстан облысында Үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында машина жасау саласында 3 жоба жүзеге асты.

«Атап айтар болсақ, «ЗИКСТО» АҚ 2010 жылы 2 жобаны іске асырды. Бұл – астық тасымалдауға арналған жабық вагон-хоппердің перспективті моделі мен оны өндіріске енгізу. Оның қуаттылығы жылына 400 дананы құрайды. 2010 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілді. Жобалық қуаттылыққа 2014 жылы шығады. Және тағы бір жоба – арнайы платформаны жасау (контейнер тасушы) мен жылына 200 дана шығаратын өндіріске енгізу. 2010 жылдың шілдесінде пайдалануға берілді. Жобалық қуаттылыққа 2014 жылы шығады», -деді индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Марат Ысқақов.

«Мұнаймаш» АҚ «ҚДБ-Лизинг» АҚ-ның қатысуымен 2012 жылы «Өнімділік-2020» бағдарламасы арқылы құны 1 497,5 млн теңгелік «Мұнай өнеркәсібі өнімдерінің механикалық өңдеу өндірісінің жаңғыртылуы» жобасын іске асырды. Халықаралық стандарттар бойынша заманауи жабдықтың 12 станогы жеткізілді.

Облыстың Индустрияландыру картасына жалпы сомасы 38,2 млрд теңге болатын 31 инвестициялық жоба кіреді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

завод

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!