38,5 млрд теңгеге өнім шығарды

Фотография - 38,5 млрд теңгеге өнім шығарды

Жамбыл облысында 2013 жылы Индустрияландыру картасы аясында кәсіпорындар 38,5 млрд теңгенің өнімін өндірді

143 0

Жамбыл облысында 2013 жылы Индустрияландыру картасы аясында кәсіпорындар 38,5 млрд теңгенің өнімін өндірді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, облыста бүгінгі таңда 29 индустриялды нысан пайдалануға берілді, солардың ішінде 19-ы жоспарлы қуаттың 60%-ына жұмыс істеп тұр, мұнда 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Жалпы Индустрияландыру картасына Жамбыл облысы бойынша 553 млрд теңгенің 40 жобасы енгізілген болатын.

Әкімдікте хабарлағандай, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 178 жоба 22,9 млрд теңгелік пайыздық үстемақыны жабу мақсатында субсидия түріндегі мемлекеттік жеңілдікке ие болды. Бұдан өзге, 40 жобаға 6,5 млрд теңгелік өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша мемлекеттік көмек көрсетілді.

Сондай-ақ облысқа Ресейден, Чехиядан, Жапониядан, Франциядан, Германиядан, Ираннан инвестициялар белсенді түрде тартылуда. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!