Еңбек мигранттары салық төлейтін болады

Фотография - Еңбек мигранттары салық төлейтін болады

Әрбір гастарбайтер бюджетке жылына 44 мыңнан астам теңге төлейтін болады

156 0

Әрбір гастарбайтер бюджетке жылына 44 мыңнан астам теңге төлейтін болады. Бұл туралы Kapital.kz басылымы жазып отыр.

Қазақстанда шетелдіктерге жеке тұлғалардың қарамағында жұмыс істеулеріне берілетін рұқсатнаманы рәсімдеу амалы барынша оңтайландырылып отыр. Қойылатын жалғыз шарт- жеке табыс салығы бойынша олар алдын ала төлем жасаулары керек. Бұл туралы Kapital.kz іскерлік порталына Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстанда уақытша жүрген шетелдіктер жеке сәйкестендіру нөмірін ала алады. ЖСН алу үшін олар уақытша тіркелген жайлары бойынша салық органдарына өтініш берулері тиіс.

Рұқсатнама ресімделетін әр ай үшін екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 3 мың 704 теңге сома алдын ала төлем жасалатын болады. Осылайша, егер рұқсатнама жыл бойына ұзартырыл отырса, жалпы төлем сомасы 44 мың 448 теңгені құрайды. Бұл қаржы жергілікті бюджетке түсіп отырады. Жұмыс беруші салық төлеуге міндетті емес, ол тек шетелдік азаматпен еңбек келісімшартын жасауы тиіс.

Салық бойынша барлық төлемді шетелдіктердің өздері жасаулары тиіс: атап айтқанда, еңбек етуге рұқсатнаманы ресімдеу немесе ұзарту кезінде алдын ала төлемді шетелдіктердің өздеру жасаулары керек, егер оның тапқан табысы жыл қорытындысы бойынша алдын ала төлем сомасынан асатын болса, ол қайта есеп жасап, жетпеген салық сомасын төлеуге міндетті.

Бұған дейін хабарлағандай, 2013 жылғы 10 желтоқсанда ҚР Президенті «Кейбір заңнамалық актілерге еңбек миграциясы мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

«Бұл Заң жемқорлыққа сеп болып отырған факторларды азайтып,шетелдіктерге заңды негізде жұмыс істеуге мүмкіндік береді, олар «көлеңкелі сектордан» шығарылады», – дейді Алматы ІІД Көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары Айдын Белгібаев. Оның айтуынша, әрбір қазақстандық бір уақытта ең ары кткенде бем мигрантты ғана жұмысқа тарта алады. Тағы бір айта кететін жайт, құрылыс немесе қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлер гастарбайтерлерді мұндай шартпен жұмысқа қабылдай алмайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!