Шымкенттік МӨЗ өндірісті жаңарту жобасын жүзеге асыруға кірісті

Фотография - Шымкенттік МӨЗ өндірісті жаңарту жобасын жүзеге асыруға кірісті

26 0

Шымкент пен Павлодар мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту басталды. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің қатысуымен өткен Мұнай және газ министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

«Павлодар МӨЗ-ін жаңғырту жобасы бойынша жүзеге асыруды жеделдету мақсатында жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезеңін, EPC-мердігерді тартуды және ұзақ дайындалатын құралдарға тапсырыс беруді қосу туралы шешім қабылданды. Жобаның бірінші кезеңінде Rominserv компаниясымен келісімшарт жасалды, жобаны қаржыландыруды ұйымдастыру жүргізілуде», - деді министр.

Сондай-ақ ведомство басшысының атап өтуінше, Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту бойынша да жобаны жүзеге асыруды жеделдету стратегиясы мен инвестициялық кезеңге өтуі мақұлданған.

 

«Бас мердігерді және қаржыландыру сызбасын іріктеу бойынша шешім қабылданды. Риформинг колонналарын орнатуды қоса алғанда сәйкесінше құрылыс жұмыстары басталды», - деді Ұ.Қарабалин


Тегтер:

Экономика @kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!