Былтыр «Қазақмыс» 40 млн тоннаға жуық кен өндірген

Фотография - Былтыр «Қазақмыс» 40 млн тоннаға жуық кен өндірген

34 0

Былтыр «Қазақмыс» 39,2 млн тонна кен өндірді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.

«Қазақмысқа» енетін компаниялар тобы 2013 жылы 294 мың тонна мыс өндірді. Бұл көрсеткіш шамамен жылдық жоспарға жəне өткен жылы өндірілген көлемге (ол 292,2 мың тоннаны құраған) сəйкес келеді.

2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда аталмыш салада 4 пайыздық өсім байқалады. Бұл негізінен Қоңырат пен Нұрқазған кеніштеріндегі өндіріс көлемінің артуы есебінен болды.

«Күміс, концентраттағы мырыш пен алтын секілді ілеспе өнімдерді өндіру көлемі бұған дейін болжанған деңгейден жоғары. Айырып алу коэффициентінің артуы жəне алдыңғы жылғы нормативтен тыс шикізатты өңдеудің есебінен 12 айдың ішінде 14,3 млн унция күміс өндірілді (2012 жылы - 12,6 млн унция). Концентраттағы мырыш өндіру көлемі 134,1 мың тоннаны, ал өндірілген алтын мөлшері 107,5 мың унцияны құрады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар 2014 жылдың 7 қаңтарында топтың акционерлері Екібастұз ГРЭС-1 стансасының «Қазақмысқа» тиесілі 50 пайыздық үлесін сату жөніндегі келісімді мақұлдады. Жыл қорытындысы бойынша ішкі электрстансалардағы электр энергиясының таза өндірісі 3 пайызға артып, 5 723 ГВт-қа дейін жетті, ал сыртқы сауда 13 пайызға өсті (2 366 ГВт).

2013 жылы «Бозымчак» кенішінде тəжірибелік кен өндіру басталды. Тау-кен байыту фабрикасында оны іске қосу, реттеу жұмыстары жүргізілуде, ол 2014 жылдың 1 тоқсанында өз жалғасын таппақ.

 


Тегтер:

Экономика @kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!