Қазақстан экономикасының 40 пайызы долларға тәуелді

Фотография - Қазақстан экономикасының 40 пайызы долларға тәуелді

15 0

Қазақстан экономикасының 40 пайызы долларға тәуелді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық банкі төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

«Әрине, біреулер депозитін теңгеде ұстап, бүгінде өзіне өзгерістер болатындығын неге ескертпеді деуі мүмкін. Дегенмен, біз әр кезде де мәселелердің, яғни біздің экономикамыздың долларға тәуелділігі бар екендігін айтамыз. Ресей экономикасы 20-25 пайызға тәуелді. Бұл жоғары көрсеткіш саналады. Ал Қазақстан экономикасының 40 пайызы долларға тәуелді», - деді ол.

Қ.Келімбетовтің атап өтуінше, 2012 жылы ел халқы депозиттерінің 38 пайызы шетел валютасымен болса, қазіргі уақытта бұл үлес 45 пайызға жетіп отыр.


Тегтер:

Экономика @kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!