Фермерлердің егін науқаны орындалмауы мүмкін

Фотография - Фермерлердің егін науқаны орындалмауы мүмкін

23 0

Жаңа дақылдарды сатып алуға қаражаттың жоқтығынан фермерлердің егін науқаны орындалмауы мүмкін. Қазақстан фермерлер одағының Батыс Қазақстан облысындағы өкілі Серік Жарылқапов бірлестіктің кеңейтілген отырысында осылай мәлімдеді.

Батыс Қазақстан облысынан келген делегаттар өңірдегі «Батыс Күнбағыс» АҚ-ы май зауытының проблемасын да айта келіпті. Зауыт ұсынған тауар күнбағыс дәні үшін жиырма алты өндірушімен есеп айрысқысы келмейтін көрінеді. Кәсіпорынның өздері банкке, бюджетке және өз қызметкерлеріне қарызға белшеден батып қалған. Ал, жиырма алты кәсіпорынның өзінде бір жарым мың жұмыскер еңбек етеді.

«Несие бермейді, өйткені алдымен ескі борышты өтемегенбіз. Оның үстіне өсімақы да шарықтап барады. Жаңа дақылдарды сатып алуға қаражат жоқ. Сондықтан, фермерлердің егіс науқаны да орындалмауы мүмкін. «Батыс Күнбағыс» күнбағыс дәнегінің бес мың тоннасының жартысын қайта өңдеді делік. Майын, күнжарасын сатты, ал шикізатты жеткізушіге ақшаны кім төлейді? Мұндай зауыт өңірімізге керек, алайда әріптестікте ашықтық қажет» деді Серік Жарылқапов.

ҚР Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков қатысқан отырыста шаруалардың өзге де өзекті мәселелері көтерілді. Ауыл аймақтардан ат арылтып келген фермерлер министрге тікелей сауал қойып, өздерін мазалаған сауалдарға жауап алып, ұсыныстарын жеткізді. Жиында мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділік мәселесі, аграрлық саладағы техника жетіспеушілігі, жер заңнамасындағы проблемалар, субсидиялау жайы қозғалды.

Айта кетейік, Қазақстан фермерлер одағы республикамыздағы алты мыңнан астам шаруа қожалықтың мүддесін қорғайды.


Тегтер:

Экономика @kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!