"Эйр Астананың" ішкі рейстеріне билет бағасын арттырмау жоспарлануда

Фотография - "Эйр Астананың" ішкі рейстеріне билет бағасын арттырмау жоспарлануда

21 0

Қазақстан бойынша  "Эйр Астана" компаниясының ішкі рейстеріне билет бағасын арттырмау жоспарлануда, деп мәлімдеді  бейсенбіде "Эйр Астана" авиакомпаниясының ұшу қауіпсіздігі жөніндегі вице-президенті Астанада брифингте Ерболат Оспанов.

 

ҚР Ұлттық банкі 2014 жылдың 11-ақпанынан бастап теңгенің бұрынғы деңгейін сақтап тұрудан, валюталық интервенциялардың көлемін азайтудан, теңгенің айырбас курсын құру процесіне араласудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Ұлттық банк айырбастау курсының жаңа бағамы  1 АҚШ доллары үшін  185  теңге төңірегінде болады деп есептейді.

 

"Авиакомпания ішкі рейстерінде ешқандай тарифін арттырмауды жоспарлануда",-деді Оспанов президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде брифингте.

 

Сонымен қатар, ол халықаралық бағыт бойынша түзету енгізілгенін жеткізді. "Жалпы  7-10% жуық ұлғайтылды, алайда кейбір Астана-Мәскеу, Алматы-Мәскеу, Астана-Стамбұл, Алматы-Стамбұл секілді бағыттарда түзеу енгізілген жоқ, яғни біз бұнда осы бағаны сақтаймыз", - деп нақтылады Оспанов.


Тегтер:

Экономика @kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!