Ресей тарапынан қазақстандық өнімдерге сұраныс артады

Фотография - Ресей тарапынан қазақстандық өнімдерге сұраныс артады

15 0

Теңгеге қатысты доллар бағамы өзгергеннен кейiн Ресей тарапынан өнiмге деген сұраныс артуы күтіледі.

Серіктестік басшысының айтуынша, теңгеге қатысты доллар бағамы өзгергеннен кейiн Ресей тарапынан өнiмге деген сұраныс артуы күтіледі. Сондықтан да кәсіпорын алдағы уақытта өндiрстi ұлғайтуға күш салмақ. Бұл да өз кезегінде ішкi нарықтағы бағаға оң әсерін тигізуі мүмкін.

«Бiз өндiрiп жатқан өнiмнің 70 пайызы ішкi нарыққа, 30 пайызы сыртқы нарыққа, оның iшiнде Ресейге экспортталып жатыр. Былтыр екінші жартыжылдықтан бастап Ресей рублi құнсыздануына байланысты экспортта қиындықтар туындаған болатын. Ендiгі күні бiз олармен теңесiп отырмыз, тiптi жағдайымызды жақсарттық деуге болады. Iшкi нарықта да бiзде баға тұрақты. Себебi, Үкімет тарапынан барлық қолдау түрiне ие болып отырмыз. Несиені де теңгемен алдық. Сондықтан, бүгінгі жағдай қиындық тудырады деп ойламаймыз», - дедi М.Тағаев.

М.Тағаев, елiмiздегі жағдайға ол басқаратын ұжым оң көзқарас танытып, теңгеге қатысты түзетуді жалпы әлемдiк жағдайға байланысты қажеттi iс-шара деп түсiнеді.


Тегтер:

Экономика @kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!