Қазақстанның алтын-валюта қоры 95 млрд. доллардан асты

Фотография - Қазақстанның алтын-валюта қоры 95 млрд. доллардан асты

15 0

Қазақстанның алтын-валюта қоры 95 млрд. доллардан асты. Бұл туралы «КТК» телеарнасының «Халық қызметшісі» бағдарламасында қонақта болған ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

«71 млрд. доллардан астамы Үкіметтің резервтік қоры. Ал Ұлттық банктің резерві - 24 млрд. доллар. Яғни, бұлар біздің қаржылық қауіпсіздігіміздің негізі болатын резервтер», - деді ол.

Оның атап өтуінше, еліміздің экспорт көлемінің өсім көрсетпеуі салдарынан Ұлттық қордың резервтері де өсіп отырған жоқ. Бұған қоса, Қазақстанға келетін импорт көлемінің өсімі қарқын алып келеді.

«Өткен жылғы алдын ала мәліметтерге сәйкес, экспорт көлемі бес пайызға жуық кеміді. Ал импорт бес пайыздан астам артты. Ағымдағы жылы да (теңге бағамын) түзету болмағанда, онда біздің болжамымызша, импорт 10-15 пайызға өсім көрсетер еді», - деді Қ.Келімбетов.


Тегтер:

Экономика @kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!