Биыл елімізден 7,3 млрд текше метр газ экспортталады

Фотография -  Биыл елімізден 7,3 млрд текше метр газ экспортталады

Биыл елімізден 7,3 млрд текше метр газ экспортталады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану комитетінің кеңейтілген отырысында Энергетика министрі Владимир Школьник мәлім етті.

486 0

Биыл елімізден 7,3 млрд текше метр газ экспортталады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану комитетінің кеңейтілген отырысында Энергетика министрі Владимир Школьник мәлім етті.

«Ағымдағы жылдың 9 айында елімізде 31,3 млрд текше метр газ өндіріліп, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 1,2 пайызға артты. Бұл ретте газдың экспорты 5,3 млрд текше метрді құрады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Қазақстанда 41 млрд текше метр газ өндіру жоспарланып отыр, бұл ретте экспорт 7,3 млрд текше метрге жетпек», - дейді В. Школьник.

Оның айтуынша, газ тасымалдау жүйесі бойынша 9 айда Қазақстан аумағынан халықаралық газ транзиті 70 млрд. текше метрді құраған.

«Ал республиканы газбен қамтамасыз ету мәселесіне келсек, соңғы 7 жылда газдандыру деңгейі 42 пайыздан 55 пайызға артты. Елді мекендердің  газбен қамтылуы 15 пайыздан 25 пайызға өсті. Бұл жұмыс жалғасады, Үкіметке еліміздің газ тасымалдау жүйесін одан әрі дамыту стратегиясын жолдадық, бұл қазір барлық мемлекеттік органдармен келісілуде», - дейді В. Школьник.


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?