Беларусь пен Ресей сауданы доллармен жасайтын болды

Фотография - Беларусь пен Ресей сауданы доллармен жасайтын болды

388 0

Беларусь премьер-министрі орынбасары Михаил Русый "Минск пен Мәскеу Беларусьтен Ресейге экспортталатын тауарлардың бағасын доллармен есептеуге келісті" деп мәлімдеді.

Беларусь вице-премьерінің айтуынша, "Ресей жағы бұл ұсыныспен жұмыс істеу ыңғайлы болғандықтан келіскен".  Михаил Русый "өйткені, контрактілерді қайта-қайта өзгертіп отыру қиын, әрі доллармен есептескен жағдайда екі жақ бір-біріне күдік келтірмейді" дейді.

Русый "Ресей мен Беларусьтің азық-түлік балансын да келіскенін" айтады. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, ол жоспар (баланс) екі елдің ауыл шаруашылығы министрліктерінің алқа отырысында бекітіледі.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?