366

2014 жылы Қазақстанда инфляция 7,4 пайызды құрады

Өткен 2014 жылы елімізде инфляция 7,4 пайызды құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, азық-түлік тауарлары бағасы 8%, азық-түлік емес тауарларға - 7,8%, ақылы қызметтерге - 6,4%-ға өсті, Ағымдағы жылғы желтоқсанда инфляция 0,5% деңгейде қалыптасты.
Фотография - 2014 жылы Қазақстанда инфляция 7,4 пайызды құрады

Өткен 2014 жылы елімізде  инфляция 7,4 пайызды құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметі.

 Атап айтқанда, азық-түлік тауарлары бағасы 8%, азық-түлік емес тауарларға - 7,8%, ақылы қызметтерге - 6,4%-ға өсті, Ағымдағы жылғы желтоқсанда инфляция 0,5% деңгейде қалыптасты.

                        пайызбен, өсуі

 

2014ж. желтоқсан

2014ж. қаңтар-желтоқсан
2013ж. қаңтар-желтоқсанға

2014ж. қарашаға

2013ж. желтоқсанға

2010ж. желтоқсанға

Тауарлар мен қызметтер 

0,5

7,4

28

6,7

Азық-түлік тауарлары

1,1

8,0

28,3

6,6

Азық-түлік емес тауарлар

0,0

7,8

21,3

6,9

Ақылы қызметтер

0,3

6,4

34,8

6,7

Өткен айда республика бойынша орташа баға өсімі жаңа жиналған көкөністерге 11,9%, қарақұмық жармаға - 10,5%, картопқа - 6,6%, жұмыртқаға - 2,9%, жүзімге - 2,7%, шикі сүтке - 2,6%, ұнтақ жармаға, мәйекті ірімшікке - 1,9%-дан, шошқа етіне - 1,6%, алмұртқа - 1,5%, сөкке - 1,4%, бірінші сортты бидай ұнынан пісірілген нанға - 1,3%, балық және теңіз өнімдеріне - 1,1%, арпа жармаға, шұжық, ет өнімдеріне, сүзбеге, күнбағыс майына - 0,9%-дан, қышқыл сүт өнімдеріне - 0,7%, сары майға - 0,6%, кеспеге, пастерленген сүтке - 0,5%-дан белгіленді. Бағаның төмендеуі лимонға 8,6%, тауықтың сирағына - 1,8%, тауыққа - 1,1%, қантқа - 0,6%-ға, қой етіне, бананға  0,5%-дан тіркелді.

Баға өсімі қатты отынға, жуғыш және тазалағыш құралдарға, фармацевтикалық өнімдерге, жеке пайдалануға арналған тауарларға 1,2%-дан, газеттер және мерзімдік басылымдарға - 1,1%, киім және аяқ киімдерге - 1%, тұрмыстық аспаптарға - 0,5% құрады. Бағалар АИ-92 маркалы бензинге 10,2%, дизель отынына  4,7%-ға төмендеді.

Шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтерінің бағалары 1,5%, ішкі қалалық қатынастардағы автобуспен жол жүру ақысы - 1%, мейрамханалар мен қонақ үйлерге - 0,9%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтерге - 0,5%-ға өсті.
Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер тұрғын үйді күтіп ұстауға 0,3%, ал оны жалға беру - 0,7%-ға жоғарылады.

 

Загрузка...