2014 жылы Қазақстандағы инфляция 7,4%-ды құрады

Фотография - 2014 жылы Қазақстандағы инфляция 7,4%-ды құрады

494 0

2014 жылы Қазақстан Республикасындағы инфляция 7,4%-ды құрады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы азық-түлік тауарларының бағасы 8%-ға, азық-түлік емес тауарлар 7,8%-ға, ақылы қызметтер 6,4%-ға өсті. Өткен жылдың желтоқсанында инфляция 0,5% деңгейінде қалыптасты.

«Өткен айда республика бойынша көкөністер 11,9%, қарақұмық жарма 10,5%, картоп 6,6%, жұмыртқа 2,9%, жүзім 2,7%, шикі сүт 2,6%, ұнтақ жарма, мәйекті ірімшік 1,9%, шошқа еті 1,6%, алмұрт 1,5%, сөк 1,4%, бірінші сортты бидай ұнынан пісірілген нан 1,3%, балық және теңіз өнімдері 1,1%, арпа жарма, шұжық, ет өнімдері, сүзбе, күнбағыс майы 0,9%-дан, қышқыл сүт өнімдері 0,7%, сары май 0,6%, кеспе, пастерленген сүт 0,5%-ға қымбаттады», - делінген хабарламада.

Ал лимон 8,6%, тауық еті 1,1%, қант 0,6%, қой еті, банан 0,5%-ға арзандаған.

Баға өсімі қатты отынға, жуғыш және тазалағыш құралдарға, фармацевтикалық өнімдерге, жеке пайдалануға арналған тауарларға 1,2%-дан, газеттер және мерзімдік басылымдарға – 1,1%, киім және аяқ киімдерге – 1%, тұрмыстық аспаптарға – 0,5% құрады. АИ-92 маркалы бензин 10,2%, дизель отыны 4,7%-ға арзандады.

Шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтерінің бағалары 1,5%, ішкі қалалық қатынастардағы автобуспен жол жүру ақысы – 1%, мейрамханалар мен қонақ үйлерге – 0,9%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтерге – 0,5%-ға өсті.

Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер тұрғын үйді күтіп ұстауға 0,3%, ал оны жалға беру – 0,7%-ға жоғарылады.

 

 

 Вnews.kz сайтынан

 


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?