Сарапшылар: Brent маркалы мұнайы 40 доллар дейін құлдырайды

Фотография - Сарапшылар: Brent маркалы мұнайы 40 доллар дейін құлдырайды

476 0

Жақын арада мұнайдың Brent маркасы барреліне 40 доллар деңгейіне дейін құлдырайды.

Осылайша, мұнай экспорттаушы мемлекеттеріне, оның ішінде Сауд Арабиясына, өндіріс көлемін қысқартудан басқа амал қалмайды. Бұл туралы Рейтерс агенттігі Bank of America Merrill Lynch-тың сараптамалық жазбасына сілтеме жасап жазады. Сарапшылардың пікірінше, америкалық WTI 35 доллар тұруы мүмкін.

Құлдыраудың алдын алу үшін мұнайлы елдер өндірісті барынша қысқартып, нарықта тапшылық тудыруы тиіс. Алайда ешбір мемлекет бұл қадамға барар емес. Күні кеше Brent 50 доллардан төмендеді. Ал 2014-те мұнайдың құнсыздануын болжаған сарапшы Вальтер Зиммерман «ендігі төмендеудің сұранысқа еш қатысы жоқ, эмоциялық құлдырау болады» деген ойда. Ол: «Егер де қара алтынның құны 40 доллардан төмен түссе, 30 долларға бір-ақ барып табандайды», - деген ойда.

 


astanatv.kz сайтынан



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?