Халықаралық эпизоотикалық бюро Қазақстанға 800 мың еуродан астам қаражат бөлді

Фотография - Халықаралық эпизоотикалық бюро Қазақстанға 800 мың еуродан астам қаражат бөлді

Халықаралық эпизоотикалық бюро Қазақстанға 800 мың еуродан астам қаражат бөлді. Бұл туралы бүгін Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлім етті.

478 0

 Халықаралық эпизоотикалық бюро Қазақстанға 800 мың еуродан астам қаражат бөлді. Бұл туралы бүгін Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлім етті.

Еске салайық, комитет отырысында «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жануарлардың саулығы жөнiндегi дүниежүзiлiк ұйым арасындағы Жануарлардың саулығы жөнiндегi дүниежүзiлiк ұйымның аусыл бойынша субөңiрлiк үйлестiру кеңсесiн Астана қаласында құру туралы келiсiмдi ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланған болатын.

«Халықаралық эпизоотикалық бюросы Қазақстанға грант ретінде соңғы екі жылда 800 мыңнан астам еуро бөліп отыр. Гранттың алғашқысы - бұл ветеринария мамандарын даярлау, соның ішінде қазақстандық аграрлық университеттер студенттерін Бюро есебінен Франциядағы ветеринариялық мектептерде оқыту жүзеге асты. Екінші кезеңде біз ветеринарлық заңнаманы жетілдіруге арналған гранттарды да иеленіп отырмыз», - деді Г.Исаева. Оның айтуынша, екінші бағыт бойынша Қазақстанның заңнамасына өзгерістер енгізілген, соның ішінде Халықаралық бюро сарапшыларының ұсыныстары да қамтылды.

«Бюроның үшінші кезекті гранты - «твининг лаб» аталады, бұл ХЭБ жетекші зертханасы Қазақстанның мемлекетүстілік референтті зертханасына басшылықты алады деген сөз. Халықаралық зертхана Италияда орналасқан, ол әлем бойынша бруцеллезге қарсы жетекші рөлге ие. Ал қазақстандық референттік зертхана Орталық Азия аймағының мемлекеттері үшін өңірлік мәртебеге ие болады», - деді Г. Исаева. Оның сөзіне қарағанда,  Астанада орналасатын зертханада өңірдегі шаруашылық даулармен байланысты барлық  диагностикалық зерттеулер жүргізіледі. 

ҚазАқпарат


Тегтер:

Халықаралық

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?