Оралда 215,7 млн. теңгенің мүлкі жария етілді

Фотография - Оралда 215,7 млн. теңгенің мүлкі жария етілді

Орал қаласында мүлікті жария ету жөніндегі комиссияға күні бүгінге дейін 880 адам хабарласып, кеңес алды.

616 0

Орал қаласында мүлікті жария ету жөніндегі комиссияға күні бүгінге дейін 880 адам хабарласып, кеңес алды. 

Орал қаласы әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, тұрғындарды негізінен жеке үйлер, пәтерлер, жер телімдері, шаруашылық құрылыстары, гараждар, саяжайлар, көлік және бизнес нысандарын заңдастыру мәселелері қызықтырады. Мүлікті жария етуге 19 өтініш жасалса, соның жетеуінен бас тартылған, 11-і оң шешілген, біреуі қарау сатысында.

Оралда аталмыш науқан басталған өткен жылғы қыркүйектен бері 215,7 млн. теңгенің мүлкі жария етілді.

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?