ҚазТрансОйл 2014 жылы мұнай тасымалдау көлемін 64 млн тоннаға дейін 4,8%-ға төмендеттім

Фотография - ҚазТрансОйл 2014 жылы мұнай тасымалдау көлемін 64 млн тоннаға дейін 4,8%-ға төмендеттім

Нақты мәліметтер бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының мұнай тасымалдау мен айдаудың шоғырландырылған көлемі 2014 жылғы қаңтар – желтоқсанда 64 млн. 005 мың тоннаны құрады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

483 0

Нақты мәліметтер бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының мұнай тасымалдау мен айдаудың шоғырландырылған көлемі 2014 жылғы қаңтар – желтоқсанда 64 млн. 005 мың тоннаны құрады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. 

"Бұл жоспарлы межемен салыстырғанда 908 тоннаға артық болып, ал 2013 жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 3 млн 215 тоннаға азайды. Мұнайдың шоғырландырылған жүк айналымы 44 млрд. 206 тонна км құрады, бұл жоспарлы межеден 457 млн тоннаға артық, ал 2013 жылдың ұқсас көрсеткішінен 1 млрд 286 тоннаға аз", - делінген хабарламада.

Жеке «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша мұнайды тасымалдау мен айдаудың көлемі 2014 жылғы қаңтар – желтоқсанда 50 млн 033 мың тонна құрады. Жоспарлы көрсеткіщпен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 415 тоннаға артып, өткен жылдың ұқсас көрсеткішпен салыстырғанда 3 млн 892мың тоннаға азайды. Жеке «ҚазТрансОйл» бойынша жүкайналымы 35 млрд тонна км құрады, бұл жоспарлы межеден 236 млн тона км артық, ал 2013 жылдың көрсеткішінен 1 млрд 162 мың тонна км аз.

2014 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесімен Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемінің 2013 жылмен салыстырмалы көрсеткіштің артуы байқалды - 15 млн. 63 мың тонна (өсім 946 тоннаны құрады). Атап айтқанда АМӨЗ-ге 4 млн. 789 мың тонна (өсім – 456 мың тонна), ПКОП-қа – 4 млн. 790 мың тонна (өсім – 80 мың тонна), ПМХЗ-ға – 4 млн. 861 мың тонна (186 мың тоннаға кем), Битум зауытына 622 мың тонна (597 мың тоннаға артық) мұнай жөнелтілді.

2014 жылы «Атасу – Алашаңқай» мұнай құбырына мұнайды ауыстырып тиеу көлемі болмашы түрде 11 млн. 82 мың тоннаға төмендеді (азаюы – 5 мың тонна). Алайда жоспарлы меже 87 мың тоннаға артты.

«Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау – Самара» учаскесімен мұнай тасымалдау көлемі 2014 жылдың 12 айында 14 млн. 641 мың тонна мұнай құрады, бұл өтекн жылдың көрсеткішінен 734 тоннаға аз, ал жоспарлы межеден 167 мың тоннаға артық болып шықты.

«КазТрансОйл» қуаттарын пайдаланып, Ақтау кемежайында танкерлерге мұнай құю көлемі 5 млн. 195 мың тонна құрады. Бұл жоспарлы межеден 240 мың тоннаға артық, ал 2013 жылдың көрсеткішінен 800 мың тоннаға аз.

КҚК-Қ магистральдық мұнай құбыры жүйесіне мұнай ауыстырып тиеу көлемі 2014 жылдың 12 айы ішінде 2 млн. 677 мың тоннаны құрады, бұл 2013 жылдың ұқсас кезеңінен 677 мың тоннаға және жоспарлы межеден 71 мың тоннаға аз.

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры учаскесімен ресейлік мұнай транзиті 2014 жылдың қорытындылары бойынша 6 млн. 783 мың тоннаны құрады, бұл жоспарлы межеге сәкес келіп, 2013 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 251 мың тоннаға артық болып отыр.

«ҚазТрансОйл» АҚ Астрахань – Маңғыстау су ағызғысымен Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстары тұтынушыларына Еділ суын жеткізеді. 2014 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында су беру көлемі 24 млн. 815 мың текше метрді құрады және 2013 жылдың осындай кезеңмен салыстырғанда 1 млн 591 мың текше метрге, ал жоспарлы межемен салыстырғанда 295 мың текше метрге артты.

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС мұнайқұбырлары желісі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 16 млн 147 мың тонна құрады, бұл жоспарлы межеден 361 мың тоннаға артық. Жүк айналымы 15 млрд 565 млн тонна км - бұл жоспарлы межеден 188 млн тонн км-ге артық, ал өткен жылғы көрсеткішіне қарағанда 90 млн тонн км-ге азайды.

«МұнайТас» СБКҚ АҚ мұнай құбыры бойынша мұнай тасымалдау көлемі 3 млн 26 мың тоннаны құрады, бұл жоспарлы межеден 374 мың тннаға артық, ал 2013 жылдың көрсеткішінен 413 мың тоннаға аз. Жүк айналымы 1 млрд 159 мың тонна км құрады, бұл жоспарлы межеден 247 млн тонн км артық, ал 2013 жылдың көрсеткішінен 158 млн тоннаға кеміді.

BTL бойынша мұнай мен мұнай өнімдерін ауыстырып тиеудің көлемі 4 млн 355 тыс тоннаны құрады - бұл жоспардан 120 тыс тоннаға жағары, ал 2013 жылға қарағанда 1 млн 279 тыс тоннаға төмен болып отыр.

newskaz.kz

 


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?