Алдағы әлемдік дағдарыс ұзақтығы жөнінен теңдессіз болады

Фотография - Алдағы әлемдік дағдарыс ұзақтығы жөнінен теңдессіз болады

652 0

Биылғы жылы басталады деп болжанып отырған әлемдік дағдарыс ұзақтығы бойынша теңдессіз болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жаһандық сынақ уақыты: жаңа сын-қатерлер» тақырыбын арқау еткен дөңгелек үстел барысында Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары Лейла Мұзапарова мәлім етті.

«Алдағы дағдарыстың бұрынғылардан бірқатар айтарлықтай ерекшеліктері бар. Біріншіден, ол халықаралық геосаяси шиеленістің арта түсуімен ерекшеленеді. Екіншіден, мұнай бағасының төмендеуі өзге негізгі тауарлар мен ресурстар құнының төмендеуімен қатарласып келіп отыр. Соңғы жеті айда Brent маркалы мұнай бағасы 60 пайызға төмендегені мәлім. Сондай-ақ, алтын мен басқа да металдар арзандады», - дейді Л.Мұзапарова.

Үшіншіден, сарапшының айтуынша, бұл дағдарыс ауқымдылығымен және ұзақтығымен ерекшеленеді.

«Нақтырақ айтсақ, болжанып отырған дағдарыс ұзақтығы жөнінен теңдессіз болады. Президент Назарбаев атап өткендей, болашақта әлемнің бүкіл архитектурасы өзгеріп, барлық елдер өте алмайтын жаһандық сынақ уақытына айналады», - деп атап өтті Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары.

 

 

BNews.kz сайтынан

 


Тегтер:

Дағдарыс

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?