«Қазақстан Халық Банкі» ШОБ қаржыландыру бағдарламасының қатысушысы болды

Фотография - «Қазақстан Халық Банкі» ШОБ қаржыландыру бағдарламасының қатысушысы болды

Қазақстан Халық банкі және «Даму» КДҚ өңдеуші өнеркәсіптегі және экономиканың осы секторына қызмет көрсетуге қатысы бар қызметтер саласындағы шағын және орта бизнес субъектілерін мемлекеттік қолдау бағдарламасы бойынша біріккен жұмысын бастады.

546 0

Қазақстан Халық банкі және «Даму» КДҚ өңдеуші өнеркәсіптегі және экономиканың осы секторына қызмет көрсетуге қатысы бар қызметтер саласындағы шағын және орта бизнес субъектілерін мемлекеттік қолдау бағдарламасы бойынша біріккен жұмысын бастады. Аталған бағдарлама бойынша мемлекет өңдеуші өнеркәсіптегі және оған сәйкес қызметтер саласындағы кәсіпкерлерді қолдауға 13 ЕДБ-ге 50 млрд. теңге көлемінде бөліп берген қаражатты игеру қарастырылады. Халық банкі 6 млрд. теңгені игеру керек

Бағдарлама талаптары бойынша кредит беру өңдеуші өнеркәсіптегі және қызметтер саласындағы Түпкілікті қарыз алушылардың жобалары бойынша жаңа негізгі құралдарды сатып алуға, құруға және қолда барын жетілдіруге Кредит сомасынан кем дегенде 50 % мөлшерінде; айналымдағы қаражатты толықтыруға - Кредит сомасынан кем дегенде 50 % мөлшерінде жолданатын болады. Номиналды мөлшерлеме жылдығы 6 пайыздан аспайды. Бір қарыз алушыға ең жоғарғы лимит - 1 850 млн. теңге. Қарыздың мерзімі – 120 айдан аспайды.

Бұған қоса, Халық банкі мемлекетпен бірігіп іске асырылатын кредит беру бағдарламалары шеңберінде ШОБ секторын қаржыландыруды белсене жалғастыруда. Қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде біздің Банктің клиенттері болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің несиелік портфелінің көлемі 177 млрд. аса теңгені құрайды. 

Осылайша, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының шеңберінде 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, несиелік портфель көлемдерінің көрсеткіштері мен «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде қатысуы мақұлданған қарыз алушылардың көлемдері бойынша бағдарламаға қатысатын ЕДБ арасында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ көшбасы болып келеді.

Халық банкі қарыз алушыларының несиелік портфелінің көлемі 150,70 млрд. теңгеге тең, бұл «БЖК-2020» бағдарламасына қатысатын ЕДБ клиенттерінің несиелік портфелінің жалпы көлемінен 14,64% құрайды және 2-ші орынды алады. Бағдарламаға қосылу туралы оң шешім алған 5 168 Бағдарламаға қатысушыдан Банк клиенттерінің үлесіне 14,71% немесе 760 қарыз алушы (жоба) келеді. Банктің кепілдік беру жобалары бойынша қол қойылған кепілдік туралы шарттар саны Қордың 811 мақұлданған өтінім санынан 142 (20,31%) құрайды, бұл ретте «ҚХБ» АҚ үшін Қор кепілдігінің сомасы 2,498 млрд. теңгені құрайды, бұл ЕДБ клиенттері кепілдігінің жалпы сомасынан 14,85% құрайды. Аталған көрсеткіштердің әрқайсысы бойынша жеке және жалпы алғанда, Бағдарламаға қатысу шеңберінде Банк сенімді 2 орынды алуда.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына қоса, Банк «Даму» КДҚ АҚ-мен бірігіп іске асырылатын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру бағдарламаларына қатысуда. 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2009 жылдан бері қолданылып келе жатқан «Даму-Өндіріс» бағдарламасының шеңберінде Банк 2,97 млрд. теңгеден асатын жалпы сомаға 12 жобаны қаржыландырды.

Қазақстан Халық Банкі мемлекеттік Өңдеуші кәсіпорын саласында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы бөлінген қаражатты шеңберінде уақтылы әрі толық көлемде игерді. Қаржыландырылған жобалар саны бойынша (104, немесе жалпы көлемнен 24%), Халық банкі осы бағдарламаға қатысқан ЕДБ арасында сөзсіз жетекші болып табылады. 20 млрд. теңге сомасына 104 жоба қаржыландырылды, сонымен бірге 21,5 млрд. теңгеден асатын сомаға 110 жоба мақұлданды. Қалған жобалар бойынша 1,5 млрд. теңге сомасына Банк кәсіпкерлерді қаржыландыруды жоғарыда аталған бағдарлама шеңберінде қаражаттарды қайталама игеру есебінен жалғастырады. Бөлінген және игерілген қаражаттың көлемі бойынша Халық банкі жетекшілердің үштігіне кіреді.

Кейіннен Жаңаөзен қаласының ЖКС-не кредит беру үшін қаражатты ЕДБ және өзге де қаржы ұйымдарына шарттасылған орналастыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде Банк жалпы сомасы 292 257 069 теңгеге 8 жобаны қаржыландырды. 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасының шеңберінде Банк 1 418 499 972 теңгеден асатын жалпы сомаға 72 жобаны қаржыландырды.

Сонымен қатар атап өту керек, 2014 жылы наурыз айында Банк кейінгі әйелдер кәсіпкерлігі субъектілеріне кредит беру үшін 800 миллион теңге көлемінде қаражатты шарттасылған орналастыру туралы шартқа қол қойды. Бұл бағдарлама ЖК немесе заңды тұлға ретінде тіркелген кәсіпкер әйелдерге бағытталады. Ол бойынша 438 миллион теңгеге 60 жоба қаржыландырылды.


Тегтер:

халық банк

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?