Өткен жылы ePay жүйесі арқылы 3 миллиардтан астам теңге өтті

Фотография - Өткен жылы ePay жүйесі арқылы 3 миллиардтан астам теңге өтті

Қазақстандықтар 2014 жылы «Электрондық үкіметтің төлем шлюзі» жүйесі арқылы 3 036 274 000 теңге сомасына 639 701 төлемді жүзеге асырды.

583 0

Қазақстандықтар 2014 жылы «Электрондық үкіметтің төлем шлюзі» жүйесі арқылы 3 036 274 000 теңге сомасына 639 701 төлемді жүзеге асырды. Танымал төлемдердің арасында: жол қозғалысы тәртібін бұзғаны үшін айыппұлдытөлеу, жылжымайтын мүлік салығын төлеу, көлік салығын төлеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, азаматтық хал актілерін тіркеу, жеке басты куәландыратын құжаттарды беру үшін баж салығын төлеу және т.б. мемлекеттік қызметтер.

Төлемдердің арасында басты орынды жол қозғалысы тәртібін бұзғаны үшін айыппұлды төлеу қызметі алады. Осылайша, 2014 жылы қазақстандықтар шлюз арқылы 1 670 494 000 теңгеге айыппұл төледі, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 6 есе артық. «Төлемдердің өсуі айыппұлды төлеу сервисінің екінші деңгейлі банктерге және қазақстандық банкаралық есептер орталығына (ҚБЕО) шығарғанына байланысты. ҚБЕО өз кезегінде бұл сервисті банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімдерінде және интернет-банкингтерде айыппұлдарды төлеу мүмкіндігін туғызу үшін басқа екінші деңгейлі банктерге берді. Мұндай банктердің қатарына Центр Кредит Банкі, Ресей Сбербанкі, Каспибанк, AsiaCreditBank және басқалары кірді. Болашақта біз интеграцияны Қазақстан Республикасының барлық банктерімен жүргізуді жоспарлап отырмыз» - деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Исмағамбетов хабарлады.

Халық арасында онлайн-төлемдердің көлемі жыл сайын артуда. Егер 2011 жылы төлемдер сомасы 19 543 000 теңгені құраса, 2012 жылы – 141 298 000, 2013 жылы төлемдер сомасы бір миллиард теңгеден асты (1 145 391 100).

Естеріңізге салсақ, «Электрондық үкіметтің төлем шлюзі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі Қазақстанда 2010 жылдан бастап жұмыс жасайды. Жүйе Forbes Kazakhstan журналының рейтингі бойынша Қазақстанның 50 ірі интернет-компанияларының және қазақстандық e-commerce нарығының 15 үздігі қатарына енді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?