382

WTI маркалы мұнай барреліне 47,78 долларға қымбаттады

Наурызда техастық ашық түсті мұнайдың (WTI) жеткізілімдерінің құны Нью-Йорк сауда-саттығында 1,31 долларға (2,82%), барреліне 47,78 долларға артты.
Фотография - WTI маркалы мұнай барреліне 47,78 долларға қымбаттады

Наурызда техастық ашық түсті мұнайдың (WTI) жеткізілімдерінің құны Нью-Йорк сауда-саттығында 1,31 долларға (2,82%), барреліне 47,78 долларға артты.

Бұған әлемдегі ең ірі өндіруші компаниялардың бірі BHP Billiton мұнай бағасының құлдырауына байланысты инвестиция көлемін қысқартып, пайдаланылатын бұрғы қондырғыларының санын 40%-ға азайтуды көздеп отырғаны жайында таралған хабарламалар басты себептердің бірі болған, деп хабарлайды ТАСС.

«Біз осы қаржы жылының соңына қарай қондырғылардың санын 40%-ға азайтамыз. Бұрғылаудың қайта қаралған бағдарламасы оның тиімділігін едәуір көтереді», - деп атап өтілген компанияның материалында.

Еуропадағы сауда-саттықта да мұнай бағасы қымбаттады. Лондоннның фьючерстік мәмілелердің құрлықаралық биржасында Brent қоспасын жеткізуге наурыздағы келісімшарттар құны 61 центке ұлғайып, барреліне 48,60 долларды құрады.

 

 

bnews.kz cайтынан

 

Загрузка...