744

"Самұрық-қазына": Спорт жобалары қаржысына орай шешім шыққан жоқ

"Самұрық-қазына" спорттық жобалардың қаржысына байланысты әлі шешім қабылдамаған. Бұл туралы Азаттық радиосына ұлттық қордың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Фотография - "Самұрық-қазына": Спорт жобалары қаржысына орай шешім шыққан жоқ

амұрық-қазына" спорттық жобалардың қаржысына байланысты әлі шешім қабылдамаған.

"Самұрық-қазына" демеушілік ететін спорттық жобалардық қаржысы қысқарту-қысқармауы туралы нақты айту қиын. Бұл мәселе бір айдың көлемінде қаралады" деп жауап берді, ұлттық қордың баспасөз қызметі Азаттықтың ресми хатына.

Осыған дейін қордың атқарушы директоры Дархан Қалетаев "Самұрық-қазына" әлемдегі және елдегі қазіргі қаржылық жағдайға байланысты қор көрсететін демеушілік және қайырымдылық көмектерінің көлемін азайтатынын мәлімдеген.

"Самұрық-қазына" Лондон олимпиадасының чемпионы ауыр атлет Илья 
Ильин, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді, "Астана арландары" бокс клубына, "Қайрат" футзал командасына, "Астана" велоклубын, "Астана моторс" автоклубын, шаңғы, бокс, ауыр атлетика, хоккей федерацияларын қаржымен қамтамасыз етеді.

azattyq.org

Загрузка...