644

Даниал Ахметов: Қаржы нәтижелі іске жұмсалуы тиіс (ФОТО)

Кеңейтілген аппарат мәжілісінде ШҚО әкімі Даниял Ахметов өңір әкімдеріне аудандар мен қалалардың бюджеттерін қайта қарауды тапсырды.
Фотография - Даниал Ахметов: Қаржы нәтижелі іске жұмсалуы тиіс (ФОТО)

Кеңейтілген аппарат мәжілісінде ШҚО әкімі Даниял Ахметов өңір әкімдеріне аудандар мен қалалардың бюджеттерін қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

Аппарат мәжілісінде аймақ басшысы әкімдерге өңірдегі құрылыс жобаларын қайта қарауға міндеттеді. «Үнемделген қаржы көздері қалалар мен аудандардың абаттандыруына жұмсалса, бұл бағдарлама әсіресе ауылдық өңірлерде қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімге созылған құрылыстарды тәмамдап, тұрғын үй саласындағы кемшіліктерді реттеу керек», – деген Даниал Ахметов бөлінген қаржыны игеру төңірегіндегі бірқатар мәселелерді атап өтті, – Семейде құны 11 миллиард теңгеге салынған жаңа аурухана толық жұмыс істеп тұрған жоқ. Ауылдық аймақтардағы мектептердің де жағдайы осындай. Бұл олқылықтар бөлінген қаржының дұрыс пайдаланылмай жатқандығының белгісі. Сондықтан бюджеттік ресурстарды қайта санап, қаржыны керекті салаларға бағыттауымыз қажет. Қысқасы, бөлінгенқаржы нәтижелі іске жұмсалуы тиіс», – деді аймақ басшысы.

Жиында сондай-ақ, ауыл шаруашылығындағы түйткілді мәселелері де сөз болды. Облыс әкімі жауапты өкілдерге егістік аумақтарын тиімді пайдалануды жолға қойып, саладағы экономикалық шығындарды санап, қысқартуды тапсырды.

 

 

Загрузка...