551

ОПЕК басшысы: мұнай бағасы қайта шарықтайды

Бүгінде төмен қарай құлдыраған мұнайдың бағасы таяу арада шарықтайды.
Фотография - ОПЕК басшысы: мұнай бағасы қайта шарықтайды

Бүгінде төмен қарай құлдыраған мұнайдың бағасы таяу арада шарықтайды.

ОПЕК-тің бас хатшысы Абдулла әл-Бадри осылай деп мәлімдеді. Оның пайымдауынша, алдағы 3-4 жылда қара алтынның бір баррелі 200 долларға дейін көтеріледі. Себебі, қазір мұнай қоры өте көп. Бірте-бірте бұл салаға қызығушылық білдірушілер саны 2008-ші жылдағыдай азаюы мүмкін. Салдарынан оны өндіруге бөлінетін қаржы да қысқарады. «Бұл мұнай тапшылығын тудырып, сәйкесінше қара алтынға деген сұраныс қайта ұлғаяды» дейді әл-Бадри.



khabar.kz сайтынан

Загрузка...