Ел экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесi 2050 жылы 50 пайызға жетуi тиiс - Н.Назарбаев

Фотография - Ел экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесi 2050 жылы 50 пайызға жетуi тиiс - Н.Назарбаев

Елбасының сөздерiн ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев оқып бердi

470 0

Ел экономикасындағы шағын және орта бизнес үлесi 2050 жылы 50 пайызға жетуi тиiс. Бүгiн Астанада ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасының кезектен тыс ІІ съез делегаттарына жолдаған құттықтау сөзiнде ҚР Президентi Н. Назарбаев осылай мәлiм еттi. 

Елбасының сөздерiн ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев оқып бердi.

«Құрметтi съезд делегаттары! Бiздiң елiмiзде 1 млн. 200 мыңнан астам кәсiпорын мен жеке кәсiпкер жұмыс iстейдi. Шағын және орта бизнес секторында 3 млн-ға жуық адам еңбектенуде. Республиканың әлеуметтiк жағдайы олардың жұмысына тәуелдi. Отандық нарықтық экономиканың негiзiн құрайтын кәсiпкерлiктi дамыту - Қазақстанның стратегиялық басымдығы. Ел экономикасындағы шағын және орта бизнес үлесi 2050 жылы 50 пайызға жетуi тиiс. Алға қойған бұл мiндетке қол жеткiзу бизнес орта мен мемлекет күшiн бiрiктiрген кезде ғана мүмкiн болады», делiнген Елбасы сөзiнде.

Сонымен қатар, Президент соңғы жылдары отандық кәсiпкерлiкке қолдау көрсету мен инвестиция тартуға қолайлы шарттар жасалып жатқандығын да тiлге тиек еттi.

«Теңдессіз шарттар құрылды және бүгiнгi нарықтық жағдайда маңызы артып келе жатқан жеке кәсiпкерлiктiң бастамаларын қолдауды қолға алу қажеттiлiгi туындады. Бұл ретте Ұлттық кәсiпкерлер палатасы маңызды рөл атқаруы тиiс. Ол өткен жылдың iшiнде тұрақты тәуелсiз институт ретiнде өзiн көрсеттi және бизнес қауымдастық мүддесiн қорғауда қыруар жұмыстар атқарды. Бүгiнгi күнi әлемдiк экономикада iшкi нарыққа әсер ететiн күрделi мәселелерге тап болып отырмыз. Бұл бiр жағынан жаңа мүмкiндiктердi де туындатады. Кәсiпкерлер палатасы елдегi кәсiпкерлiктi одан ары дамытуға бағытталған тиiмдi шараларды жасау үдерiсiне белсендi түрде араласуда. Бұл өзара қарым-қатынас әлеуетi кез келген қиындықтарды бастан өткеруге мүмкiндiк бередi», - делінген Мемлекет басшысының сөзінде.

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?