429

Қазақстан 2014 жылы уран өндіруді 1,5%-ға арттырды

Қазақстан 2014 жылы уран өндіруді 1,5%-ға арттырды,деп хабарлады «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы
Фотография - Қазақстан 2014 жылы уран өндіруді 1,5%-ға арттырды

Қазақстан 2014 жылы уран өндіруді 1,5%-ға арттырды,деп хабарлады «Қазатомөнеркәсіп»  ұлттық атом компаниясы.

 

"Қазақстан әлемдегі ірі уран өндіруші мемлекеттердің көшбасшысы мәртебесін сақтап қалды. 2014 жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында 22,829 мың тонна уран өндірілді, бұл жоспарлық көрсеткіштерге толық сәйкес келеді", - делінген хабарламада.

 

Бұл ретте баспасөз баянға сәйкес, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес және бағынышты кәсіпорындарын қоса есептегенде 2014 жылы 13,156 мың тонна уран өндірді.

 

Ұлттық атом компаниясы 2014 жылы Қазақстан аумағында уранның ресурстық базасын ұлғайтуға бағытталған іздеу-барлау жұмыстарын жалғастырды. Жыл бойы жалпы көлемі 452 946 қума метрді құрайтын 986 геологиялық барлау ұңғымасы бұрғыланды.

newskaz.kz

 

Загрузка...