«Google» компаниясының таза табысы өсті

Фотография - «Google» компаниясының таза табысы өсті

Әлемдегі ең ірі интернет-компаниялардың бірі «Googlе» 2014 жылды қорытындылады. Былтырғы жылы компанияның табысы 11, 7 пайызға өскен

395 0

Әлемдегі ең ірі интернет-компаниялардың бірі «Googlе» 2014 жылды қорытындылады. Былтырғы жылы компанияның табысы 11, 7 пайызға өскен.

2013 жылдың қорытындысы бойынша таза табысы 12,92 миллиард болған еді. Ал былтыр жылы бұл көрсеткіш 14,44 миллиард долларға дейін өскен. Яғни 2013 жылы 19,07 доллар болған бір акция қазіргі кезде 21, 02 долларға көтерілді. Жылдық табыс 19 пайызға өсіп, 66 миллиардқа жетті. Өткен жылдың төртінші тоқсанында табыс 41 пайызға артқан екен.

Жарнамадан түсетін табыс бір жылдың ішінде 59, 05 миллиард доллар болды. Оның алдындағы жылы бұл көрсеткіш 50, 54 миллиард еді. Ал соңғы тоқсанда жекелей қарастырғанда табыс 16,14 миллиардты құрапты. Бұған компания басшыларының көңілі толар емес. Себебі, а соңғы кездері интернетті смартфон телефондары және планшеттер арқылы қарайтындар көбейген. Осыған байланысты жарнама берушілер азайып отыр.

 

baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?