Ең жоғары жалақылар Атырау облысы мен Алматы қаласындағы ұйым басшыларында

Фотография - Ең жоғары жалақылар Атырау облысы мен Алматы қаласындағы ұйым басшыларында

2014 жылы Атырау облысында және Алматы қаласындағы ұйым басшыларында ең жоғары жалақылар қалыптасып, 453 мың теңге және 641 мың теңгені құрады.

668 0

2014 жылы Атырау облысында және Алматы қаласындағы ұйым басшыларында ең жоғары жалақылар қалыптасып, 453 мың теңге және 641 мың теңгені құрады.

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен жүргізген зерттеулер нәтижесінде белгілі болған.  Еске сала кетейік, жұмысшылардың сипаттық кәсіптері және қызметкерлердің лауазымдары бойынша орташа айлық жалақысының көлемі туралы ақпаратты алу мақсатында Статистика комитеті экономикалық қызметтің жекелеген түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарға біржолғы зерттеу жүргізген. Зерттеу қыркүйек айында толық жұмыс істеген жұмысшыларды қамтыды.

Комитет мәліметіне қарағанда,  ең аз төленетін қызмет Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарында болды, мұнда басшылар 158 мың теңгеден 162 мың теңгеге дейін алды. Республиканың өңірлері бойынша ұйым басшылары жалақысының ең жоғарғысы мен оның ең төменгі мәнінің арасындағы айырмашылық 4,1 есені құраған.

Атап айтқанда, экономистің жоғары жалақысы Алматы қаласы және Маңғыстау облысында байқалды, тиісінше 217 мың теңге және 279 мың теңге, ал төменгісі - Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында 79 -86 мың теңге шамасында болған.

Ал дәрігердің жалақысындағы көлем деңгейі 1,3 есеге айырмашылық болса, оның көрсеткіші Астана қаласында - 155 мың теңге, ал Ақтөбе облысында - 116 мың теңгені құраған.

«Бұдан бөлек, республика бойынша жоғары оқу орнындағы мұғалімнің жалақысы орташа 93 мың теңге болды. Ал оның өңірлер арасындағы айырмашылығы 1,8 есені, арнаулы білім беру жүйесінде оқытушыларда тиісінше 84 мың теңге және 1,5 есе, тәрбиешіде - 59 мың теңге болды және 1,3 есені құрады», - делінген баспасөз баянында.

 

 

 

ҚазАқпарат


Тегтер:

жалақы

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?