665

АҚШ-тағы ереуіл Brent мұнайы бағасының төмендеуіне әкеп соқты

Лондонда ІСЕ биржасындағы сауда-саттық барысында Brent маркалы мұнайды наурызды жеткізуге фьючерстік келсімішарт Мәскеу уақыты бойынша сағат 9:30-да 2,43%-ға, барреліне 51,7 долларға дейін төмендеді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Фотография - АҚШ-тағы ереуіл Brent мұнайы бағасының төмендеуіне әкеп соқты

Лондонда ІСЕ биржасындағы сауда-саттық барысында Brent маркалы мұнайды наурызды жеткізуге фьючерстік келсімішарт Мәскеу уақыты бойынша сағат 9:30-да 2,43%-ға, барреліне 51,7 долларға дейін төмендеді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. 

Дегенмен 30 қаңтар күні кешкі сауда- саттық барысында Brent мұнайының бағасы барреліне бірден 8%-ға, 53 долларға көтерілді.

Мұнай бағасының төмендеуіне АҚШ-та мұнай саласы жұмысшыларының ереуілге шығуы да себеп болуда. Наразылық акциясына тоғыз ірі мұнай өңдеу зауытының 3,8 мыңдай қызметкері қатысып жатыр.

Бас көтергендердің негізгі талабы жалақыны өсіру болып отыр. Акцияны бастау туралы шешімді тағы 230-дан астам америкалық МӨЗ-дің, мұнай құбырлары мен химия кәсіпорындары жұмысшыларының мүддесін қорғайтын Американың металлургиялық өнеркәсібі қызметкерлерінің біріккен кәсіподағы қабылдады.

Өткен жексенбіде мерзімі өткен ұжымдық еңбек келісімшартын үш жылға ұзарту туралы келіссөздер 21 қаңтарда басталып, әлі күнге дейін аяқталмай жатыр. Сенбі күні кәсіподақ Royal Dutch Shell компаниясы ұсынған келісімшарттың бесінші нұқасын кері қайтарды.

«Қарауындағы қызметкерлердің еңбек шарттарын өз еркімен жақсартуға мұнай компаниялары ешқашан бармайды. Себебі олар ақшаға сараң. Олар табысты адамдардың денсаулығы мен қауіпсізідігінен әлі күнге дейін жоғары қояды», - дейді кәсіподақтың вице-президенті Том Конуэй. Наразы топ жалақыны өсіруді, қосымша жұмысты щектеу және субмердігерлер тарапынан бәсекелестікті қорғауды талап етіп отыр.

БАҚ ақпаратынша, егер жаңа еңбек келісімшарты таяу арада бекітілмесе, ереуілге тағы 63 мұнай өңдеуші зауытының қызметкерлері қосылуы мүмкін.

Сарапшылардың пікірінше, мұнайшылардың ереуілге шығуы әлемдік нарықтарда мұнай бағасының төмендеуіне әкеп соғуы ғажап емес. «Наразылық акциясына қосылатындардың көбеюі мұнай бағасына кері әсерін тигізеді. АҚШ-та өндірілетін мұнай түкке жарамсыз болып қалады», - деп атап өтті Fat Prophets трейдингтік компаниясының сарапшысы Дэвид Леннокс.

 

 

 

bnews.kz сайтынан

 

Загрузка...