474

Мұнай бағасымен қоса АҚШ-та акция құны өсе бастады

АҚШ қор биржаларында ақпанның 3-індегі саудада негізгі индекстердің құны біршама артты. Нью-Йорк биржасында АҚШ-тың ең ірі 30 корпорациясын қамтитын Dow Jones индексі 1,8 пайызға қымбаттап, 305 пунктке көтерілді
Фотография - Мұнай бағасымен қоса АҚШ-та акция құны өсе бастады

АҚШ қор биржаларында ақпанның 3-індегі саудада негізгі индекстердің құны біршама артты. Нью-Йорк биржасында АҚШ-тың ең ірі 30 корпорациясын қамтитын Dow Jones индексі 1,8 пайызға қымбаттап, 305 пунктке көтерілді. Жоғары технологиялық компаниялар акциясын қамтитын NASDAQ индексі бір пайыздан көп, ал ең ірі 500 компанияның акциясы кіретін S&P индексі бір жарым пайызға қымбаттаған.

Акциялар құнының көтерілуі осы аптада мұнай бағасының аздап қымбаттауымен байланысты болып тұр. Кеше WTI маркалы мұнайдың бір баррелі бір күн бұрынғы бағасынан жеті пайызға қымбаттап, 53 АҚШ доллары 53 центке жеткен. Ал Brent маркалы мұнай баррелі 5,8 пайызға өсіп, 57 АҚШ доллары 91 центті құраған.

Өткен жылдың соңынан бері мұнай бағасы бұлайша көтерілмеген. Wall Street Journal басылымының жазуынша, мұнай бағасының қымбаттауына бір жағынан АҚШ-тың мұнай саласындағы жұмысшылардың үшінші күн бойы ереуілге шығуы және ереуілден өндіріс көлемі азаяды деген қауіп себеп болған.

 

azattyq.org

Загрузка...