S&P ірі еуропалық банктердің рейтингілерін төмендетті

Фотография - S&P ірі еуропалық банктердің рейтингілерін төмендетті

Standard & Poor's халықаралық рейтингі агенттігі еуопалық алты банктің несиелік рейтингілерін төмендетті.

805 0

Standard & Poor's халықаралық рейтингі агенттігі еуопалық алты банктің несиелік рейтингілерін төмендетті.

Атап айтқанда, агенттіктің сейсенбідегі баспасөз баянында Barclays Plc, Credit Suisse Group AG, HSBC Holdings Plc, Lloyds Banking Group, Royal Bank of Scotland Group Plc және Standard Chartered Plc банктерінің ұзақ мерзімді несиелік рейтингілері төмендетілгені хабарланған.

Немістің  Commerzbank AG, Deutsche Bank AG және австриялық Raiffeisen Zentralbank Oesterreich банктерінің, сондай-ақ олардың бірқатар еншілес компанияларының рейтингілері «келеңсіз» болжаммен қайта қарау тізіміне енгізілді. Оларды қайта қарау 2015 жылдың мамырына аяқталады деп күтілуде.

Ұлыбританияның, Германияның, Швейцарияның және Австрияның ірі және жүйелік маңызды банктері рейтингісінің төмендеуі Еуроодақтың өткен жылы қабылданған банктерді оңалту және тарату жөніндегі директивасымен байланысты.

S&P сарапшыларының пікірнше, банктерге шұғыл мемлекеттік қолдау көрсету мүмкіндігі төмендеген. Қаржы ұйымдары енді дағдарыс жағдайында өздерінің шығындарына өздері жауап беретін болады. 

 

 

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?