524

WTI мұнайының бағасы барреліне 48,45 долларға дейін арзандады

Нью-Йоркте сауда-саттық барысында техастық ашық түсті (WTI) мұнайдың наурыздағы жеткізілімінің құны сәрсенбі күні барреліне 4,60 долларға (8,67%), 48,45 долларға дейін төмендеді. Инвесторлар АҚШ-та «қара алтынның » қоры өсіп жатқаны туралы хабарламаларға назар аударып, мұнай өндірудің айтарлықтай тез қысқарып жатқанына күмән келтірді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Фотография - WTI мұнайының бағасы барреліне 48,45 долларға дейін арзандады

Нью-Йоркте сауда-саттық барысында техастық ашық түсті (WTI) мұнайдың наурыздағы жеткізілімінің құны сәрсенбі күні барреліне 4,60 долларға (8,67%), 48,45 долларға дейін төмендеді. Инвесторлар АҚШ-та «қара алтынның » қоры өсіп жатқаны туралы хабарламаларға назар аударып, мұнай өндірудің айтарлықтай тез қысқарып жатқанына күмән келтірді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. 

Бұдан бұрын АҚШ Энергетика министрлігі елде мұнайдың коммерциялық қоры 26-30 қаңтар аралығында 6,3 млн баррельге, яғни 413,1 млн баррельге дейін артқанын мәлімдеген еді. Bloomberg агенттігінің қызметкерлері жүргізген сауалнама барысында сарапшылар қара алтынның қоры 3,5 млн баррельге ұлғаяды деп күткен еді.

«Бағаның қалпына келуі аяқталды, -дейді Tradition Energy консалтингтік компаниясының сарапшысы Джин Макджиллиан. –Өндіру көлемінің шынымен де азая бастағанына көзіміз жетпесе, қара алтынның құны одан әрі төмендей береді».

Еуропадағы сауда-саттықта да мұнай бағасы арзандады. Лондон Құрлықаралық биржасында Brent қоспасын жеткізуге наурыздық келісімшарттардың құны 3,75 долларға төмендеп, барреліне 54,16 долларды құрады.

 

 

 

bnews.kz сайтынан

 

Загрузка...