2014 жылы ҚР-ның мұнай-газ саласындағы қазақстандық үлес 54%-ға жетті

Фотография - 2014 жылы ҚР-ның мұнай-газ саласындағы қазақстандық үлес 54%-ға жетті

2014 жылдың қорытындысы бойынша елімізде мұнай-газ компаниялары сатып алған өнімдер, жұмыс және қызметтердің үлесі 54%-ға жетті. Оның сомасы 1,5 трлн теңгеден асты, деп хабарлады энергетика министрі Владимир Школьник Маңғыстау облысында өткен жиында.

527 0

2014 жылдың қорытындысы бойынша елімізде мұнай-газ компаниялары сатып алған өнімдер, жұмыс және қызметтердің  үлесі 54%-ға жетті. Оның сомасы 1,5 трлн теңгеден асты, деп хабарлады энергетика министрі Владимир Школьник Маңғыстау облысында өткен жиында.

«Ақтаудағы аймақтық жергілікті қамту мәселесі жөніндегі форум аясында ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен, Маңғыстау облыстық әкімдігі мен  жер қойнауын пайдаланушылар арасында сомасы 300 млрд. теңгеден астам болатын меморандумға қол жеткізілді», - деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің сайты облыс әкімдігіне сілтеме жасап.  

«Бүгінгі қол қойылған меморандумдар отандық тауар өндірушілерді қолдау мен жұмыс орындарын сақтауға бағытталған», - деді В. Школьник.

Құжаттарға қол қою барысында министр мұнай-газ компаниялары сомасы 3 трлн. теңгеден асатын өнімдер, жұмыстар және қызметтерді сатып алғанын және оның 54%-ы отандық кәсіпорындарға тиесілі екенін атап өтті.  

Министр өткен жылдың соңында Елбасы Нұрсұлтан Назварбаевтың Жолдауына сәйкес 2020 жылға дейінгі «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы жасалғанын еске салды.  

Сондай-ақ ол, қазақстандық үлесті ұлғайту саясаты отандық бизнесті қолдау ісіндегі маңызды шаралардың бірі екенін атап өтті.

«Қазір елдің әр аймағының экономикалық салаларының субъектілері  бірігіп, бір жүйеде жұмыс істейтін уақыт келді», - деді Энергетика министрі Владимир Школьник.

 

 

 

ҚазАқпарат


Тегтер:

газ школьник

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?