492

Қытайдағы жаңалықтар әлемдегі мұнай бағасы өсуіне әсер етті

Қытайдағы банктер үшін міндеттелген қор нормасының 0,5 проценттік пунктке төмендеуі туралы хабар мұнай бағасының көтерілуіне оң әсерін тигізді.
Фотография - Қытайдағы жаңалықтар әлемдегі мұнай бағасы өсуіне әсер етті

Қытайдағы банктер үшін міндеттелген қор нормасының  0,5 проценттік пунктке төмендеуі туралы хабар мұнай бағасының көтерілуіне оң әсерін тигізді.  

Мәскеу уақытымен сағат  07.21 жағдай бойынша  наурыз фьючерстерінің Brent маркілі мұнай баррелінің құны  0,96%  өсіп, 54,68 долларға жетті, деп хабарлады РИА Новости. Наурыз фьючерстерінің  WTI маркілі мұнай баррелінің бағасы  0,47% - 48,68 долларға дейін өсті.

Қытай халық банкі сәрсенбі күні 5 ақпаннан банктер үшін міндеттелген қор нормасын  0,5 проценттік пунктке төмендету шешімін қабылдаған.  Осылайша, қытайлық банктер сақтайтын қаражат көлемі 20%-дан 19,5%  дейін қысқарады. 

Сарапшылардың пікірінше, инвесторлар бұл жаңалықты жылы қабылдады. Олардың пайымынша, бұл шара елдің экономикалық белсенділігі мен энергияға деген сұранысты реттейді. 

 

ҚазАқпарат

Загрузка...