Мұнай бағасы өсіп келеді

Фотография - Мұнай бағасы өсіп келеді

Мұнайдың әлемдегі бағасы өсіп келеді. Сарапшылардың пікірінше, «қара алтын» қорының көбеюі оның құнының артуын шектеуі мүмкін.

316 0

Мұнайдың әлемдегі бағасы өсіп келеді. Сарапшылардың пікірінше, «қара алтын» қорының көбеюі оның құнының артуын шектеуі мүмкін.

Мәскеу уақытымен сағат 07.22 жағдай бойынша наурыз фьючерстерінде  Brent маркілі мұнай баррелі 0,64% , яғни 59,93 долларға қымбаттады.  Наурыз фьючерстерінде WTI мұнайының бір баррелінің бағасы 1,21% - 51,09 долларға дейін өсті, деп жазды РИА Новости.

Сарапшылар атап өткендей, мұнай бағасы АҚШ-тағы «қара алтын» қорының ұлғаюына байланысты өзгереді. Елдің энергетика министрлігінің мәліметіне сай 30 қаңтарда аяқталған бір апта ішінде мемлекеттегі мұнай қоры  80 жылдағы максималды деңгейге  6,3 миллион баррельге, яғни 413,1 миллион баррельге дейін көтерілді.

 

 

 

ҚазАқпарат


Тегтер:

мұнай бағасы

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?