2015-2020 жылдары әлемде мұнайға деген сұраныс артады

Фотография - 2015-2020 жылдары әлемде мұнайға деген сұраныс артады

Алдағы бес жылда әлемде мұнайға деген сұраныс қалпына келеді, делінген Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) баяндамасында.

554 0

Алдағы бес жылда әлемде мұнайға деген сұраныс қалпына келеді, делінген Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) баяндамасында.

«Сұраныс, орташа алғанда, жылына 1,2% артады», - делінген ХЭА мұнай нарығының бес жыл ішіндегі болжамына арналған баяндамасында.

Агенттік болжамына сәйкес, 2020 жылы әлемде мұнайға деген сұраныс күніне 99,1 миллион баррельді құрайды. 2014 жылдан  2020 жылға дейін сұраныс күніне  6,6 миллион баррель мұнайға көбейеді. Сұраныстың артуы оны өндіру көлемін шамамен  1,5 миллион баррельге арттырып, 5,2 миллион баррельді құрайды.

ХЭА 2015 жылы сұраныс тәулігіне  93,3 миллион баррель мұнайды құрайды деп күтуде. Агенттік пайымынша, 2016 жылы бұл көрсеткіш 94,5 миллион баррельді құрайды.

Мұнай бағасының арзандауы, оны өндіру көлемін шектеуге мәжбүрлейді. Мұнайды өндіру бойынша қуаттылықтың әлем бойынша ұлғаюы 2020 жылға дейін күніне шамамен  860 мың баррель мұнайды құрайды.  

2020 жылға қарай әлемде мұнай өндіру бойынша  қуаттылық күніне 103,2 миллион баррельді құрамақ.  

 

 

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?