771

Қытай Бразилияға $50 млрд инвестиция құймақ

Қытай Бразилияның инфрақұрылымдық жобаларына 50 миллиард доллар инвестиция құюды жоспарлап отыр.
Фотография - Қытай Бразилияға $50 млрд инвестиция құймақ

Қытай Бразилияның инфрақұрылымдық жобаларына 50 миллиард доллар инвестиция құюды жоспарлап отыр.

Екі жақтың банктері арасындағы келісімшартқа келесі аптада Қытай премьер-министрінің Бразилияға жасаған іс-сапары барысында қол қойылады.

Рейтер агенттігінің мәліметінше, аталған қаражатқа Бразилияның Атлант мұхиты жағалауынан Перудің Тынық мұхиты жағалауы аралығына темір жол магистралі салынады.

Сонымен қатар, екі ел бірігіп, болат өндіретін ірі кәсіпорын салуды да көздеп отыр. Айта кету керек, Бразилия Қытайға темір рудасын экспорттайтын ең ірі мемлекет. 

 

 

 

Baq.kz сайтынан

Загрузка...