942

Қ.Жаңбыршин: 2014 жылы салықтық түсімдер бойынша бересі 78 млрд. теңгені құрады

2014 жылы салықтық түсімдер бойынша бересі 78 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин мәлім етті.
Фотография - Қ.Жаңбыршин: 2014 жылы салықтық түсімдер бойынша бересі 78 млрд. теңгені құрады

 2014 жылы салықтық түсімдер бойынша бересі 78 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин мәлім етті.

«Әлемдік дағдарыстың салдары, экспорттық өнімге әлемдік бағалардың төмендеуі, кесірінен кәсіпорындардың экономикалық белсенділігінің төмендеуі бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуына әсер еткен. Сонымен бірге, салықтық және кедендік әкімшілік ету сапасының тиісті дәрежеде болмауынан шаруашылық жүргізуші субъектілердің салық тәртібінің төмендеуі анықталды», -  деді ол.

Оның атап өтуінше, 2014 жылы салықтық түсімдер бойынша бересі 33,7 млрд. теңгеге немесе 2013 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық ұлғайып, 78 млрд. теңгені құрады.

«Бюджеттік сыныптаманың 28-ші кодына сай республикалық бюджетке түсетін түсімдер бойынша 98,7  млрд. теңгенің жоспарлы көрсеткіші орындалмаған. Сонымен қатар, Есеп комитетінің бақылауы барысында мемлекеттік кіріс органдарының салық төлеушілерге банкротқа ұшырау мәртебесін негізсіз беруі жолымен бересі бойынша деректердің төмендетілгені анықталды. Республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша аванс төлемдерінің артық төленген сомасы ұлғайғаны байқалды. Мәселен, 2015 жылғы 1 қаңтарға артық төлем 1,7 трлн.  теңгені құрады.  Бұл 2014  жылғы барлық  салықтық түсімдердің жартысына жуық», - деді Қ.Жаңбыршин.

Загрузка...