Мемлекеттік бюджетке 95,7 млрд. теңге кіріс түсті - ОҚО

Фотография - Мемлекеттік бюджетке 95,7 млрд. теңге кіріс түсті - ОҚО

Оңтүстік Қазақстанда мемлекеттік бюджетке ағымдағы жылдың 1 шілдесіне түскен салықтар мен басқа төлемдердің көлемі 95,7 млрд. теңгені құрап отыр.

213 0

Оңтүстік Қазақстанда мемлекеттік бюджетке ағымдағы жылдың 1 шілдесіне түскен салықтар мен басқа төлемдердің көлемі 95,7 млрд. теңгені құрап отыр.
 Бұл туралы облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы хабарлады. Олардың мәліметінше республикалық бюджетке 49,4 млрд.теңге, жергілікті бюджетке 46,3 млрд. теңге түскен. 1 маусымға дейін екінші деңгейлі банктер 80,9 млрд. теңге көлемінде несие берді. Ол өткен жылмен салыстырғанда 15,8% кеміп отыр. Ал, аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 1573 адамды немесе облыс халқының 0,1% құрады. Алты айда 2102 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2147 адамға кем. 18 жасқа дейінгі 298,6 мың балаға жәрдемақы төленді, немесе 44,3мың балаға артты. Тұрғын үй көмегі 6121 отбасыға көрсетілді, немесе 79 отбасыға артты. Сондай-ақ статистакалық дереке бойынша облыс халқының саны 2808,3 мың адамды құрады. Оның 1258,7 мыңы қала халқы (44,8%), 1549,6 мыңы - ауыл халқы (55,2%),деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!