ҚР АШМ тұтынудағы импорттық сүт үлесін 18%-ға дейін төмендетуді жоспарлап отыр

Фотография - ҚР АШМ тұтынудағы импорттық сүт үлесін 18%-ға дейін төмендетуді жоспарлап отыр

"100 нақты қадам" ұлттық жоспар шеңберінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі сүт және сүт өнімдері өндірісін дамытуға стратегиялық инвесторларды тарту бағытын жүзеге асыруда

158 0

"100 нақты қадам" ұлттық жоспар шеңберінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі сүт және сүт өнімдері өндірісін дамытуға стратегиялық инвесторларды тарту бағытын жүзеге асыруда. Негізгі міндет – үш жыл ішінде ТМД елдерінің нарығына өндірілген өнімнің жартысына дейін экспортқа шығару.

"Республика бойынша 3,5 млн. тонна қуаттылығымен барлығы 183 қайта өндеуші кәсіпорын бар, оның ішінде 66% жаңғыртылған. Қолданыстағы қайта өндеуші кәсіпорындардың қуаттылықтары қосымша 1 млн. тоннадан астам сүтті өндеуге мүмкіндік береді. Ішкі тұтыну көлемдері жыл сайын 6%-ға артуда. Сүт өндеу қуаттылықтарының толық жүктелмеу себебі сапалы шикізат сүт көлемінің жетіспеушілігі болып табылады", - деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.

Осы ретте, сүт өндіру және өндеуді халықаралық компаниялар тәжірибесіне сүйеніп кооперацияларды дамыту арқылы ұлғайту көзделіп отыр.

Ведомство мәліметінше, осы бағыттағы жұмыс жаңа зеландиялық FONTERRA және ARLA дат компанияларының үлгісімен, ауылдық жерлерде кооперативтік өндірісті дамыту арқылы жүргізілетін болады. "Жаңа фермерлік шаруашылықтар мен өнеркәсіптік сүтті-тауарлы фермаларды құру жоспарланып отыр. Бұл ұйымдастырылған шаруашылықтарда тауарлы сүт өндірісін 2020 жылға дейін 500 мың тоннаға, 2025 жылға дейін 1 млн. тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді", - делінген ақпаратта.

Осы іс-шараларды жүзеге асыру үшін "Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы" заңды қабылдау қажет.

Заңның шеңберінде ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ауыл шаруашылығы кооперативтерінің мәртебесінен, яғни коммерциялық емес дәрежеден коммерциялыққа өту ұсынылады. Бұл кооперацияның кірісін кооперативте жинақтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жеке меншіктің барлық нысандарына қатысуға мүмкіндік беретін өндірістік кооперативтің ұйымдастырушы – құқықтық нысанындағы ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жоспарлануда.

Сондай-ақ, асыл тұқымдық істің жүйесін қайта реттеу бөлімінде "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" және дайындаушы ұйымдар үшін ҚҚС қайтару мерзімін 1 жылдан 1 тоқсанға дейін қысқарту және кооперативтермен арнайы салықтық режимді қолдануда ауыл шаруашылығы жерлерінің болуы жөніндегі шектеуді алу бөлімінде «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР заңдарының жобаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.

Жетекші технологиялардың тәжірибесін қолдану үшін АӨК субъектілері ғылыми зерттемелер негізінде оқытылатын болады. Сүт өндірісін өндеуге және қайта өндеуге жаңа технологияларды енгізу бойынша ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар өткізуге мемлекеттік сатып алу көлемдері көбейтілетін болады.

Мұнымен, қайта өндеуші кәсіпорындардың қуаттылығының деңгейін 70%-ға дейін арттыру және тұтынудағы сүт импортының үлесін 28% дан 18%-дейін төмендету күтілуде.

 

 

bnews.kz сайтынан

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!