Түркия бәсекеге қабілетті елдердің ондығына енуді көздеп отыр

Фотография - Түркия бәсекеге қабілетті елдердің ондығына енуді көздеп отыр

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы – бұл табысты елдер клубы. Сондықтан оның мүшесі болу – кез келген мемлекет үшін үлкен мәртебе мен зор жауапкершілік.

346 0

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы – бұл табысты елдер клубы. Сондықтан оның мүшесі болу – кез келген мемлекет үшін үлкен мәртебе мен зор жауапкершілік.

 

Мұны қаперге алған Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына қабылдана салып, алдына әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарына кіру бойынша келелі мақсат қойды. Ал оны еңсеруге қазақ елінің мүмкіндігі толықтай жетерлік», - дейді Түрік-Азия стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Сүлейман Шенсой.

Сондай-ақ ол Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдермен тығыз байланыс түзген Түркияның көп жылдық тәжірибесімен бөлісті.

Түркия – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы құрылған 1961 жылдан бергі тұрақты мүшесі. Сарапшылар мемлекеттік маңызы зор бірқатар саланың дамуына осы іргелі ұйымның қосқан үлесін жоғары бағалайды. Әсіресе халықаралық ұйымның ауылшаруашылық, биотехнология, энергетика мен сауда-өнеркәсіп, адам құқықтары және жемқорлықпен күрес бойынша берген ұсыныстары Түркияда ұлттық реформаларға түрткі болған екен.

Сүлейман Шенсой, Түрік-Азия стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы: - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мақсаты демократиялық құндылықтарды қорғау, халықтың әл-ауқатын өсіру мен өндірісті өрістету, сондай-ақ экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Түркия халықаралық ұйымға қабылданған күннен бастап осы талаптардың үдесінен шығу үшін көп еңбек етті. Әлемнің ең үздік елдерінің қатарына қосылу оңай емес. Сондықтан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ішінде болудың өзі – үлкен абырой.

Экономикалық және іскерлік зерттеу орталығының жыл сайын жариялайтын «әлемдік экономиканың рейтингтік кестесінде» былтыр Түркия 19-орынды иеленді. Мысалы, өткен жылы түрік елінің экспорты 157,6 млрд АҚШ долларына жеткен екен. Міне, сол сыртқы саудада үздік бестікте Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы бойынша әріптестері Германия, Англия, Италия және Франция көш бастап тұр.

Сүлейман Шенсой, Түрік-Азия стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы: - Қазіргі таңда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына әлеуеті жоғары, табысты елдер мүше. Бүгінде оларға әлемдік ішкі жалпы өнімнің 60%-ы тиесілі. Егер болашақта ұйымның қатары қуатты мемлекеттермен толықса, онда ол ықпалды күшке айналмақ. Бәрінен де маңыздысы жаһандық деңгейдегі бұл ұйымның мүмкіндіктерін әр ел өз пайдасына жарата білуі тиіс. Мәселен, Түркия ұйымдасқан индустриалды аймақтарды құру барысында ұйымның ақыл-кеңестерін негізге алып, өндіріс ошақтарын қалыптастырып алды. Түркия «2023 стратегиялық бағдарламасы» аясында алға бірқатар мақсат қойды. Оның шеңберінде түрік үкіметі бәсекеге қабілетті елдердің ондығына еніп, жан басына шаққандағы жалпы табыс мөлшерін 25 мың АҚШ долларына жеткізуді көздеп отыр. Ал қазір ол көрсеткіш 11 мыңды жуықтайды.
 


24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!